Жер -ана

Мусаипова Меруерт Сакеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
.
.
Мақсаты:Оқушыларға жерді,табиғатты құрметтеуге баулу.Жер өнімдерінің адамзат үшін берер пайдасын ұғындыру.Табиғатты аялауға ,сүюге тәрбиелеу.  Күз мезгілінің өнімдері,табиғатының сиын  сезіндіру .Табиғат мәңгі оны келесі ұрпаққа аманат екенін түсіндіру.
Көрнекіліктер:суреттер,мақал-мәтелдер,өсімдіктер жемісі, топырақ,су.
Өтілу барысы:Интерактивті тақта,сахналау көрінісі. Проблемалық сұрақ-жауаптар
Хош келдіңіздер!
-Қалай ойлайсыздар,бұл не зат?        Топырақ)
-Оны тағы басқа қалай атайды?           Жер,табиғат
-Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болмақ? Ол қандай пішінді?
-Ендеше құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!
«ЖЕР-АНА» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер
ӨЛЕҢ: Табиғат-алтын күнім, күміс айым,
   Шашылған жұлдыз меруерт жастанайым.
        Үңілем таңнан тұрып терезеге,
   Ашық па,жабық па деп қас-қабағың.
       Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,
  Сен-ана,мен қашанда жас боламын.
  Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,
             Тілінді түсінуге тырысайын.
Адамға өмір сүру үшін не қажет? Оқушылар жауабы (қорек,ауа,су,жылу,табиғат)
Тіпті өмір сүру үшін осы аталғандардың барлығы қажет демексіңдерме? Онда дәлелдейік.
-Қалай ойлайсыңдар бұл заттарды неге шығардым?(күріш,алма,картоп,нан,мақта,жүн.)
-Бұл өнімдерді жыл мезгілінің қай кезінде аламыз?(күз)
-Дұрыс айтасыңдар.
   ТЕК  КҮТІП БАПТАСАҚ,МЕЙІРІММЕН ҚАРАСАҚ ,ТАБИҒАТ БІЗГЕ ЖАУАП БЕРЕДІ.
 Табиғат, Жер-ана, Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-біріне мағыналас мазмұны бай сөздер. Адамның өзі- сол Табиғат пен Жер- ананың перзенті. Оны білу, оны аялау- адамның адамзаматтық борышы
Мұғалім:Табиғат әр қашан адамнан күшті.Өйткені,адам оның бірғана сәті ,шынашақтай бөлігі.Ол мәңгілік және шексіз.Біз табиғаттың төл перзентіміз
     Ұлы Ш Уәлиханов Табиғаттағы кейбір құстар мен жануарларды көшпелі тұрмысқа қажет ,олар  киелі .Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен құт әкеледі деген.
     Қорқыт атамыз  «Қаратауың құламасын,саялы ағаш сынбасын »деген ұғымда ,айналаны аяла деп өткен екен .
     Асқан ақыл иесі Төлеби , жоңғар шапқыншылығы кезінде,ел туған жерін тастап көше жөнелгенде, ол жұртта қалып қояды .Киіз үйінің төбесіне қарлығаштың ұяда балапандары болғандықтан үйін жықпай, қалып қояды .Ерекше құрметтеген  деген тарих бар.
     Ал,еліміздің мақтанышы ,геолог,академик,тау-кен зерттеушісі Қ.Сатпаев «Жер-байлық көзі», «Жер-ырыс кендігі» атты мақала жазып еліміздің әр тасын зерттеп әлемге танытқан.
Көрініс:
Тентек бала.                                          
Рогаткасы бар бала ағаш басындағы ұяны бұзбақ болады.Шырылдап ұшып  жүрген құс:  
  -Көмектесіңдер, көмектесіңдер! Ұямды бұзғалы жатыр! Балапандарым әлі жас сарыуыз, көмектесіңдер!
-Осымен желге барсам қайтеді, оның күші көп.
  ;Жел  өз әрекетін жасап көріп:
-Шамам келмеді. Сен жауынға бар ол менен күшті найзағайын ойнатып, жарқылдатып мына баланы қорқытып есік шығарады.  
  -Жоқ жауынға бара алмаймын. Ұям ашық балапандарым  суда қалады. Не істесем?…
—  Мен таптым… Күнге барайын. 
Күде өз әрекетіп жасап:
  -Меніңде шамам келмеді. Қанша нұрымды, ыстық сәулемді жіберсемде…. 
  -Қап, балапандарым шөлдеді-ау. Мына күннің ыстығын-ай….-деп ,шарасызданады.
 Сол кезде ..бала ағаш түбіне ұйықтап қалады, оны біраздан бері іздеген анасы келіп:.  
   -Балам, ботақаным көп іздесем мына мәуелі ағаштың түбінде саялап, күннің ыстығында ұйықтап қалыпсың. Жүр үйге, ботам…
— Мына қолыңдағы не зат?  Бұл затты ұстама ботам, сені жаман әдетке бастайтын зат, оған жолама!,-деп ,баласын  аймалап, толғанып бара жатты.
Автор:  Мейірлі ана өз баласын жамандыққа қимайды. Барынша  жақсы тәрбие беруге тырысады.
   Адамзат кей кезде өзін табиғаттан күштімін деп ойлайды. Бірақ табиғаттың құдіреті күшті, тылсым.
 Жер-ана:О,менің перзенттерім!Менің құшағым кең,сендерді әр уақыт қойныма аламын.Менің саялы бағымды,мөлдіреген таза кіршіксіз көлімді,сазды үнді құстарымды аяла,бұл кейінгі ұрпаққа аманат !
— Біз жерді неге анаға теңейміз?
-Біздің аналарымыз қандай?
-Жер мен анамыз ұқсаспа?..Біз шаршаймыз,ұйықтаймыз,тынығамыз.Ал, табиғат демалмайды,тіршілігін тоқтатпайды,ол үнемі қозғалыста.Байлығы мол қазақ жерін бізге үнемді ,таза сақтау біздің борышымыз.Келесі ұрпаққа аманат ету міндетіміз
 
Қорытынды:
  Осыншама байлығын беріп ,бізді бауырына басып, мейірімін төгіп тұрған жерімізге хат жазайық. Балалар ,Жер-ана  сендерді естиді ,сезеді.
ЖЕР-АНА ға хат жазу,оны оқыту
Тренинг: «Табиғатқа саяхат»
   Табиғат бізге жол көрсетеді,ақыл айтады .Тек бізге оны жүрегімізбен сезіне білуіміз керек.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды,келіп қатысқандарыңызға көп рахмет.