Жер сілкінісіне және өртке қарсы күресу

Сагиндыкова Жудыз Алимбатыровна
Председатель Ассоциации медицинских сестер по Алматинской области
Преподаватель «Основы сестринского дела»
.
.
  Жоспар:
 
  • Сағат 11.00 — де ұзақ дабыл қоңырауы «Барлығына назар!» 1-2 қабаттағы оқу корпусының студенттері оқытушымен бірге талап бойынша дереу «орталық және қосымша есік, 1- ші қабаттағы терезелерден» тез арада жылдам даладағы спорт алаңына шығуы керек.
  • Сағат 11.04 минутта қайта ұзақ дабыл қоңырауының соғылуы. 3-4 –ші қабаттағы оқу корпусының студенттері оқу корпусынан даладағы спорт алаңына шықты.
  • Сағат 11.08 минутта белгіленген орынға мекеменің қызметкерлері сапқа тұрды.
  • Сағат 11.17 минутта көрініс. Төтенше жағдай қызметкерлері оқу корпусындағы 3- қабаттың зардап шеккендеріне эвакуация жүргізді.
  • Сағат 11.20 минутта көрініс. Жүргізушілер:Сарбасова Д.Р., Сагиндыкова Ж.А. Көріністі көрсеткен 4- курс студенттері санитарлық дружина мүшелері болып: «Емдеу ісі»- 401 топ, «Мейірбике ісі» – 401 топ студенттер арасынан, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Оның ішінен: мыжылу синдромы, білек пен сан сүйектердін жабық сынығы, жүрекке тікелей массаж, жасанды дем жіберу
  • Сағат 11.50 минутта- сейсможаттығудын қорытындысын Суракбаев А.С. төтенше жағдайдың азаматтық қорғаныс қызметкері: майор Кульжатаев М.
   
  Қала аралық жер сілкінісіне, өртке қарсы дайындық шаралары өтті. Осындай шаралардың бірі Талдықорған медицина колледжде өтіп,төтенше жағдай басқаруымен,өртке қарсы қызметкерлерімен бірге колледж оқытушылары мен студенттері, үлкен шараға қатысты.
Тәжірибиелік көріністе зардап шегушілерді, зардап шеккен жерден алып эвакуация жүргізіп, өрт болған орында, өртті сөндіру көрсетілді. Осы ұйымдастырылған шара көптеген мәлемет беріп төтенше жағдайларда қандай көмек көрсету екенін колледж студенттері тәжірибе, білім алды.

 

 

 
  Тәжірибелік көріністе, зардап
 
Онын ішінде колледж оқытушылары мен студенттері алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.Төмендегі тақырыптар қарастырылды:
  • Білек пен сан сүйектердін жабық сынығы.
  • Жүрек пен өкпе қызметінің қарапайым түрде қызметке келтіру.
  • Ұзақ мыжылу синдромы.
 
Аталған шараға Талдықорған медицина колледжінің оқытушылары белсенді ат салыса қатысты. Атап айтқанда Сарбасова Д.Р., Сагындыкова Ж.А., Метиева А.С. және белсенділік танытып дружина мүшелері: «Емдеу ісі»-401 тобының студенттері Акимбеков Абзал, Рахметова Жазира, Достарова Аида, Алаев Рауан және «Мейірбике ісі»-401 тобының студенттері Рамазанова Зарина, Тулеуболатова Айдана, Дошанова Жанна.
 
  «Мұхтар Ауезов атамыз айтқандай «Халық пен халықты, адам мен адамды» теңестіретін бірақ нәрсе ол « білім» деген екен. Сол білімді біздің Талдықорған медицина колледжінің  оқытушылары бізге білікті беруде. Болашақта біз жақсы білікті маман  болып шығатынымызға сеніміміз мол» – деп Акимбеков А. өз ойын ортаға салып, қорытты.
 
Талдықорған медицина колледжінің спорт алаңында эвакуацияның жүргізілуі
 
 Өрт сөндіру кезеңі
 
 
Оқытушылар: Сарбасова Д.Р., Метеева А.С., Сагиндыкова Ж.А.
Санитарлық дружина мүшелері: Акимбеков Абзал, Рахметова Жазира, Достарова Аида, Алаев Рауан,Рамазанова Зарина, Тулеуболатова Айдана, Дошанова Жанна.
 
 Төтенше жағдайдың азаматтық қорғаныс қызметкері:
майор Кульжатаев М. және медицина колледжінің оқытушылары:Сарбасова Д.Р., Сагиндыкова Ж.А., Метиева А.С.
 
 Ұзақ уақыт жаншылу синдромы /ҰЖС/
Ұзақ жаншылу синдромы — ол жарақаттанушының денесін ұзақ уақыт /кірпіш, топырақ, ағаш/ басып қалатын жағдай.
Белгілері: шок кезіндегідей жайға ұшырайды, жаншылған жердің төңірегі ісінеді, қанталайды, қан ұйиды, денесі бозарады, әлсірейді, қан –қысымы төмендейді, тамыры жиілейді, жаншылған жері қатты ауырады, буындары қозғалмайды.
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек:  Міндетті түрде жарақаттанушыны босатып, зақымданған жерді таңып, иммобилизациялау, зақымданған жердің жан – жағына мұз қойып, ауруын басатын дәрі беріп, ауруханаға жеткізу.
Білек пен сан сүйегінің жабық сынығы
 
10 см. шығарып, ұшын ішке қайыру. Сыртқы шинаны қолтық астынан құлаққа кигізіп, 10 см. төмен құлақтан шығарып шинаның ішкі планкасының ішке бұралған жағына бекітеміз. Шинаны кеудеге, аяғына бинт орауларымен үш бұрышты ораумен бекітеміз. Өкше бекінісін тесіктен өткізіп ағаш бұрандымен бұрап, орау. 
 
 Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек білек сүйегі: Зардап шегушіні отырғызып, ауырсынуды басу аналгин 0,25% 2 мл. мен димедролды 1%
 1 мл. бұлшық етке егнгізу. Білек сүйегі сынғанда Крамер шинасы салынады. Сынған орынмен бірге көрші екі буынды бекіту. Иықтың орта бөлігінен бастап зақымданған қолдың саусақ ұштарына дейін алақан аймағы зардап шегушінің ішіне қарап, бекітіледі. Ауруханаға тасымалдаймыз.
Жүрек пен өкпе  қызметін қарапайым түрде келтіру
Мақсаты: Тыныс алу және жүрек пен өкпе қызметін  қалыпқа келтіру.

Көрсеткіші: Тыныс алу және жүрек пен өкпе өтімділігін қалыпына келтіру.

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек: Зардап шегушіні тегіс, қатты жерге жатқызу. Жүрек соғысын, тыныс алуын, көздің қарашығын жарыққа тексеру.

Жүрек соғысы, тыныс алуы болмаса, көздің қарашығын жарыққа сезбесе, онда жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру.

 

  • Саусаққа оралған дәке салфеткасымен немесе резеңке алмұртшамен ауыз қуысын қақырықтан, құсықтан босату.
  • Тар киімнен босатып, сол қолды мойын астына, оң қолды маңдайға қойып, басын шалқайту.
  • Бірінші көмекші қолдың 1-2 саусақтармен зардап шегушінің мұрнын қысып, өкпені \ауызбен — ауызға\ әдісімен жасанды түрде тыныс алдырады.
  • Екінші көмекші зардап шегушінің сол жағына тұрып алақанын кеуденің 3-ші бөлігіне төс сүйегіне қояды. Бүкіл дененің күшімен қолдың көмегімен кеуде 4-5 см. дейін майысқандай қылып бір ырғақпен басу, майысқан қалпын 1 сек. аз ұстау керек. Басуды тоқтату бірақ кеудеден алақанды алмау. Кеудені басу саны минутына 60-80 рет болу керек.
Тиімділігі:   терінің түстерінің өзгеруі, ұйқы сан қан тамырларында тамыр соғысының пайда болуы тыныс алуы қалпына келуі.