Өзімшілдік пен көпшілдік

Омиртаева Эльмира Ардаковна
Өзін-өзі тану пән мұғалімі
.
.

Сабақ мақсаты:-Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.

 Сабақ міндеттері: 1. Оқушыларға «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

3. Оқушыларды көпшілдікке, бірлікке тәрбиелеу. 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер, «Алтын қақпа» салынған плакат, ашықхат, тапсырмалар жазылған парақтар, презентация

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ұстанымын ескетүсіру.1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық

2.Тыныштық сәтi.  «Нұрға бөлену»   Ынғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.   Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.   Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.  Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.   Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын»  Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз..  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.  Жаймен көзіңізді ашуға болады.  Рахмет!  Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Топқа бөлу

Балалар қазір сіздерге бір-бір конверт ұсынамын сол конвертте  шашылған әріптер берілген, сол әріптерден сөз құрастыруымыз қажет. Әр құралған сөз топтың атауы болады: БІРЛІК, ТАТУЛЫҚ, КӨПШІЛДІК. (Жарайсыңдар балалар топтың аты белгілі болса сабағымызды бастаймыз)

3.Үй тапсырмасын тексеру

19 сабақ. Өткен тақырып бойынша  үй тапсырмасын еске түсірейік.−Балалар, сіздермен өткен сабақта «Ақылды  тыңдай білу де өнеге» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынбыз. Сол тақырып негізінде үйренгендерімізді еске түсіріп, ортаға салайық.Әр топқа тақырып бойынша сұрақтар беріледі:

1.Қандай мәтінмен таныс болдық және сол мәтінде балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

2.Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?

3.Данышпан атаның және үлкендердің айтқан ақыл-кеңестерін естеріңізге түсіріп, айтып беріңіздер.

Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндеме сөздер: Презентация  Адамдарға …. (ізет білдіріңдер!) Түсінбегеніңді … (сұрап ал!) Айтылған … (сөзге мән бер!)Әңгімені … (мұқият тыңда!) Сөйлеушінің …. (сөзін бөлме!) Сөйлеп тұрған адамға …. (көңіл бөл!)

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы топ атын шығарады.

«Алытын қақпа» ойыны арқылы оқушылар тапсырманы орындап жаңа тақырыпты ашады.

5. Мұғалім сыйы Жаңа ақпарат

Білім беру саласындығы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін – өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

Сара Алпысқызы Назарбаева- 12 ақпан 1941 жыл Қызылжар ауылы, Бұқаржырау ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген.Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.Биыл 67 жасқа толып отыр.

С.А.Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді –өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы 1 – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралық сыйлықтың,СОС Киндердоф Халықаралық қорының алтын медалі,БҰҰ-ЮНИСЕФ халықаралық қорының алтын медалі,Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы,Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Сара Алпысқызы-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зайыбы. «Бөбек» қорының президенті.Өзін-өзі тану білім беру жобасының авторы. Қоғам қайраткері. Қазақстанның бірінші ханымы. Панасыз жетім балалардың қолдаушысы. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке бағыттаушы.

.6.Шығармашылық жұмыс 

1).Әр топқа тақырып бойынша тапсырма беріледі:

1 топ.Адам бойындағыжағымды қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді тауып, кестені толтыру

2-топ Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі бес асыл іс пен бес бес дұшпан тауып ажыратып айту болып табылады. Талап,  Еңбек, Терең ой, Қанағат. Рақым, Өсек, Өтірік, Еріншек 
Мақтаншақ, Бекер мал шашпақ.

3 топ жағымды қасиеттерЖ а ғ д а я т  шешу

 Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды. Ол өте талапты, үздік оқушы болды. Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін. Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді. Ол өзін мен өте ақылдымын, маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпайтын. Оқу жылы аяқталды. Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді. Балалар қуанышты. Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды. Лезде екі-екіден бөлісті. Ал Генамен ешкім болғысы келмеді. Ал Генамен ешкім болғысы келмеді. Гена жылап, мұғалімге келді.

•      -Мен ешкімге тіл тигізгем жоқ, мені неге жек көреді? – деді.

•      Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты?

•      Генаның қылығы дұрыс па?

•      Генаға қандай ақыл бересің?

Ал енді балалар топ басшыларын ортаға шақырамыз

Оқушылар сабаққа  қажетті қосымша ақпаратпен танысады.

 

 

 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

7.Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз»сөзі: Х.Талғаров, әні:И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер! 

Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз. 

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған. 

Қайырмасы:

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

8.Қорытындылау 

 -Көпшіл адам елге жағымды болса, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің көмегі өзіне ғана тиеді.Көпшіл адам беделді, достары көп болады өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен аулақ болайық дегім келеді.

9.Үй тапсырмасы. Өзімшілдік және көпшілдік туралы мақал – мәтелдер тауып жазып келу. Күнделіктеріне  жазады.

10.Соңғы тыныштық сәтi. 

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады».

Оқушылар көздерін жұмып демалады.